Әділдіктің белгісі — біле тұра бұрмаса, Ақылдының белгісі — өткен істі қумаса. өткен істі қумау — не воротить прошедшее өткен істі қумау — not bringing back the past
Асан қайғы    
     
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма. аямау — не жалеть аямау — not spare
Ыбырай    
     
Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін, Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін. жеңу — победить жеңу — to win
Шәкәрім    
     
Қиянатқа көнбе, әділдікке атса да көн. қиянат — зло қиянат — evil, harm
Мұхтар Әуезов    
     
Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды.    
Әлихан Бөкейханов    
     
Басшы әділ болмаса, жұртқа әділдік орнай ма?    
Жамбыл    
     
Әділдікті мойындау — адал кісінің ісі. мойындау — признавать мойындау — to acknowledge
Бауыржан Момышұлы    
     
Адал болмай азаматпын демегін. азамат — гражданин азамат — citizen
Бауыржан Момышұлы    

 

 

Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын.    
Абай    
     
Ар түзер адамның адамдық санасын. сана — сознание сана — consciousness
Шәкәрім    
     
Жалған намыс — қасиет емес, ар сақтаған — қасиет. қасиет — качество қасиет — character
Мұхтар Әуезов    
     
Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза. жаза — наказание жаза — penalty
Мұхтар Әуезов    
     
Ердің туы — намыс. ту — флаг ту — flag
Бауыржан Момышұлы    
     
Намысты нанға сатпа.    
Бауыржан Момышұлы    
     
Рух азса, намыс тозады. рух — дух рух — spirit
Шерхан Мұртаза    
     
Арын сатқан мал үшін антұрғанның Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.    
Абай    

 

 

Адамның айуаннан айласы мол,
Қит етсе қиянатқа қояды қол.
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек -
Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол.
қит етсе — чуть что;
қиянат — зло, вред;
мейірім — доброта;
ынсап — совестливость
қиянат — harm;
мейірім — kindness;
ынсап — conscientiousness
Шәкәрім    
     
Жаратты нешеалуан жұрт бір құдайым
Тең етті бәрімізге күн мен айын.
Адамның адам біткен баласымыз,
Қайсың бөлек тудың деп айырайын!
   
Ыбырай    
     
Ұят деген — адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты. ұят — стыд, совесть;
сөгіс — порицание
ұят — shame;
сөгіс — blame
Абай    
     
Іштегі барлық жақсылық неше түрлі еппен, айламен жол тауып, өз дегенін істеу керек. еп — ловкость, сноровка;
айла — уловка, хитрость
еп — agility;
айла — trick
Мұхтар Әуезов    
     
Мойындағы борышты білу — білімнің ісі, борышты төлеу — адамшылық ісі. борыш — долг борыш — debt
Ахмет Байтұрсынұлы    
     
Адам боп туу — анадан,
Айуан боп кету — өзіңнен!
   
Қадыр Мырза Әлі    
     
Адамның қорлауына адамның езі ғана көнеді. қорлау — оскорблять, унижать қорлау — humiliate
Ғабиден Мұстафин    
     
Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз. адамгершілік — человечность адамгершілік — humanity
Қаныш Сәтпаев    

 

 

Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
өсек — сплетни;
өтірік —ложь;
мақтаншақ — хвастовство
өсек — gossip;
өтірік — lie;
мақтаншақ — boasting
Абай    
     
Еріншектен — салақтық,
Салақтықтан — надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық.
еріншек — лень;
салақтық — неряшливость;
надандық — невежество
еріншек — laziness;
салақтық — untidiness;
надандық — ignorance
Шәкәрім    
     
Надандықтың белгісі —
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
танымау — не различать танымау — not distinguish
Ыбырай    
     
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен. жаратылысынан — с рождения;
өнеге — образец
жаратылысынан — since birth;
өнеге — example
Мұхтар Әуезов    
     
Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Алыс қой аңғарғанға екі арасы.
   
Жамбыл    
     
Жас адамға басты кесір — еріншектік, ортаншы кесір — ұйқышылдық, кенже кесір — тілазарлық, кежірлік. кесір — вред;
тілазарлық — непослушание;
кежірлік — упрямство
кесір — harm;
тілазарлық — disobedience;
кежірлік — stubbornness
Төле би    
     
Ауылыңда шайпау тілді жаман болса, Аман тұрған басыңа дау келтірер. шайпау — несдержанный шайпау — unrestrained
Шал Құлекеұлы    
     
Мінезі жаман адамға енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрер адаммен жалған намыс қуыспа.
тәуір — дельный тәуір — worthwhile
Асан қайғы    
     
Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен, Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен. Көнбейді жаман адам ынтымаққа, Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен. ынтымақ — согласие, солидарность;
жөн — подходящий, ладный
ынтымақ — consent, solidarity;
жөн — proper, right
Ақан сері    

 

 

Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орын тауып істесе кім бай болмайды? түңілмей іздесе — если искать, не теряя надежды түңілмей іздесе — if you look without losing hope
Абай    
     
Анық байлық — денеге біткен өнер,
Білімдінің бәрі де соған төнер.
Арам жиіп мақтанған дәулет емес,
Алдымызда бір күн бар есеп берер.
арам — нечистый, бесчестный;
дәулет — состояние
арам — dishonest;
дәулет — fortune
Шәкәрім    
     
Байлық түбі — ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды. қазына — достояние қазына — wealth
Әлихан Бөкейханов    
     
Дүниеде кедейлік жоқ өнерпазға. кедейлік — бедность кедейлік — poverty
Міржақып Дулатұлы    
     
Бай болу үшін — кәсіп керек!    
Ахмет Байтұрсынұлы    
     
Бәрінен ақшалы болу қиын, ақша балта бұзбасты бұзады. ақшалы болу — быть при деньгах ақшалы болу — to be with money
Ғабиден Мұстафин    
     
Байды құдай атқаны —
Дәулетіне мас болар.
мас болу — быть пьяным мас болу — to be drunk
Шал Құлекеұлы    
     
Екі жүзді болмасаң, байды неге мақтайсың? екі жүзді — двуличный екі жүзді — two-faced
Жамбыл    
     
Адамның шашқаны емес — тергені,
Алғаны емес — бергені қалады.
шашу — разбрасывать;
теру — собирать
шашу — to scatter;
теру — to collect
Қадыр Мырза Әлі