Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын. Ближний сосед лучше дальней родни. A near neighbour is better than a far-dwelling kinsman.
Жақын көрші алыс тұрған туыстан жақсы.
Керек тастың ауырлығы жоқ. Своя ноша не тянет. A burden of one's own choice is not felt.
Өзің таңдаған жүк сезілмейді.
Қызды ауыл өсекшіл. Три бабы — базар, а семь — ярмарка. Three women make a market.
Үш қатын базар құрайды.
Қатын көп болса, қазанды ит жалайды. У семи нянек дитя без глазу. Too many cooks spoil the broth.
Тым көп аспазшы сорпаны бұзады.
Шыбынға шоқпар көтермес болар. За мухой не с обухом, за комаром не с топором. Take not a musket to kill a butterfly.
Көбелекті атуға мылтық көтерме.
Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында.
На зло и дурака станет. That which is evil is soon learned.
Жамандыққа тез үйренесің.
  Не я полынь-траву сажал — сама уродилась. Weeds want no sowing.
Арамшөп егуді де талап етпейді.
Жаңылмайтын жан жоқ,
Сүрінбейтін тұяқ жоқ.
Не ошибается тот, кто ничего не делает. If you don’t make mistakes you don’t make anything.
Қате жасамағаның — ештеңе жасамағаның.
Сырты жалтырауықтың іші қалтырауық. Наружный вид обманчив. Never judge from appearances.
Сыртқы көрініске қарап пікір айтпа.
Жіп жіңішке жерінен үзіледі. Где тонко, там и рвётся. The thread breaks where it is weakest.
Жіп ең осал жерінен үзіледі.
Көзбен көрген анық,
Құлақпен естіген танық.
Лучше один раз увидеть, чем сто раз услышать. One picture is worth ten thousand words.
Бір сурет он мың сөзге тең.
Тігілмеген етігіңді мақтама. Наперёд не загадывай. Don’t cross the bridge till you come to it.
Көпір жанына келмегенше, оны аттап өтпе.
  Не поймав, курицы не щиплют. Make not your sauce before you have caught the fish.
Балықты ұстап алмағанша, тұздықты жасама
  Не убив медведя, кожу не продают. Don’t sell the bear’s skin before you have caught it.
Аюды ұстап алмағанша, оның терісін сатпа.
Бақыт — қолдың кірі. Всяк человек своего счастья кузнец. Every man is the architect of his own fortune.
Әр адам — өз несібесінің архитекторы өзі.
  Счастье не в воздухе вьется, а руками достается. Good luck comes by cuffing.
Бақ шапалақтаумен келеді.
Жоқ табылмайды емес, іздеуі жетіспейді. Тот и сыщет, кто ищет. He that seeks, finds.
Іздеген табады.
Бажаны бажа көрсе басы қышиды. Рыбак рыбака видит издалека. Birds of a feather flock together.
Қауырсыны бірдей құстар легімен жиналады.
    Like will to like.
Ұқсас болса ұнап қалады.
Ақпаса, су бұзылады. Стоячая вода плесенью покрывается. Standing pools gather filth.
Ақпайтын суат қоқысты жинайды.
Сұрағанның айыбы жоқ. За спрос денег не берут. Lose nothing for asking.
Сұрағаннан ештеңе де жоғалтпайсың.
Адам ойға тоймас,
Бөрі қойға тоймас.
Охота пуще неволи. Desire has no rest.
Армандаудың демалысы жоқ.
Мінсіз адам болмайды. От запада до востока нет человека без порока. Every man has his faults.
Әр адамның міндері бар.
Айрылған азады, косылған озады. В единении — сила. United we stand, divided we fall.
Бірігіп беріспейміз, айрылып құлаймыз.
Бал тамған өтіріктен қан тамған шындық артық. Горькая правда лучше красивой лжи. Better speak truth rudely, than lie covertly.
Жасырын өтіріктен өрескел айтқан шындық артық.
Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді. Кто сегодня соврал, тому завтра нет веры. He that once deceives, is ever suspected.
Бір рет алдаған әрдайым күдік астында болады.
  Соврёшь — не помрёшь, да впредь не поверят. A liar is not believed when he speaks the truth.
Өтірікші шын айтса да, оған сенбейді.
Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе. Потужи о себе, а там и о других. Mind other men, but most yourself.
Басқаларды ойла, бірақ өзіңнен баста.
Қадір білмейтінге қадіріңді кетірме. He мечите бисера пред свиньями. Do not throw pearls to swine.
Маржанды шошқаға шашпа.
Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа. Осердясь на блох, да шубу в печь. Burn not your house to fright away the mice.
Тышқандарды қорқытам деп үйіңді жандырып жіберме.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Семь раз отмерь, один раз отрежь. Measure thrice and cut once.
Үш рет өлше де бір рет кес.
Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. В чужой монастырь со своим уставом не ходят. When in Rome, do as the Romans do.
Римде болғанда римдіктер сияқты істе.
Әркімнің өз жері — жұмақ. В гостях хорошо, а дома лучше. East, west, home is best.
Шығыс па, батыс па, ең жақсы — үйің.
Қонақ бір күн қонса — құт, екі күн қонса — жұт. Мил гость, что недолго гостит. A constant guest is never welcome.
Тұрғылықты қонаққа еш қошемет жоқ.
    Fish and guests stink after three days.
Балық пен қонақтар үш күннен кейін саси бастайды.
Құшаққа сыймаған, қиялға сыяды. Если бы да кабы, да во рту росли грибы. If the sky falls we shall catch larks.
Аспан құласа, бозторғайларды жинап аламыз.
Әркімнің қолы өз аузына жуық. Своя рубашка ближе к телу. Near is my shirt, but nearer is my skin.
Көйлегім жақын, бірақ тері одан да жақын.
Тең теңімен, тезек қабымен. Не тычь носа в чужое просо. Mind your own business.
Өз ісіңмен айналысып жүр.
  Мети всяк перед своими воротами. Sweep before your own door.
Өз есігің алдында сыпырып жүр.
Әрбір жемістің өз уақыты бар. Всякому овощу своё время. Everything is good in its season.
Өз мерзімінде бәрі де жақсы.
Өлімнен ұят күшті. Бесчестье хуже смерти. He that has an ill name is half hanged.
Жаман аттың шыққаны — жартылай асылғаны.
    Better die with honour than live with shame.
Масқараға батып өмір сүргеннен намыспен өлген артық.
Жылтырағанның бәрі алтын емес. Не всё то золото, что блестит. All that glitters is not gold.
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Сынықтан басқаның бәрі жұғады. С кем поведёшься, от того и наберёшься. He that dwells next door to a cripple, will learn to halt.
Мүгедекке көрші болған ақсақтай бастайды.
Жыртық тесікке күледі. Осудил горшок чугунку, а сам весь в саже. The pot calls the kettle black.
Қыш құмыра құманды қара дейді.
Өгізге туған күн бұзауға да туады. Будет и на нашей улице праздник. Every dog has his day.
Әр иттің өз күні болады.
Болар іс болды, бояуы сіңді. Что о том тужить, чего нельзя воротить. It is no use crying over spilt milk.
Төгілген сүтке ақырғанның пайдасы жоқ.
  Сделанного не воротишь. Never grieve for that you cannot help.
Көмектесе алмайтын нәрсеге бола қайғырма.
    Things done cannot be undone.
Істелген нәрсені кері істетуге болмайды.

 

 

Асыл жігіт белгісі — аз сөйлер де көп тыңдар. Больше слушай, меньше говори. Hear much, speak little.
Көп тыңда, аз сөйле.
    Hear twice before you speak once.
Сөйлер алдында екі рет тыңдап ал.
Тілге шешен — іске мешел. На словах — как на гуслях, а на деле — как на балалайке. He promises mountains and performs molehills.
Таудай уәдесін көртышқанның төмпешігіндей ғып жүзеге асырады.
Құр тілден май шықпайды. Баснями сыт не будешь. Fair words fill not the belly.
Әдемі сөздер қарынды толтырмас.
Көп сөз ұтпайды, дөп сөз ұтады. Где слова редки, там они вески. Deliver your words not by number but by weight.
Сөзіңді мөлшерлеп емес, салмақтап жеткіз.
Сылдыры бар да, салмағы жоқ. Визгу много, а шерсти нет. Much cry and little wool.
Көп ақырады, ал жүні аз-ақ.
  На словах и так и сяк, а на деле никак. The greatest talkers are the least doers.
Ең көп сөйлеген ең аз жасайды.
Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Говори меньше, умнее будет. A still tongue makes a wise head.
Жылжымайтын тіл басты ақылды қылады.
  Кто молчит, тот двоих научит. No wisdom like silence.
Үндемеуден асқан даналық жоқ.
Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды. Языком молоть — не дрова колоть, спина не заболит. Saying and doing are two things.
Айту және жасау — бұл екі іс.
    The tongue of idle persons is never idle.
Еріншектердің тілдері ешқашан ерінбейді.
Ұялмас бетке талмас жақ бітеді. Кто без устали болтает, в том толку не бывает. He that is a blab is a scab.
Мылжың болған — жексұрын.
Өсекшінің тілі қышып тұрады. Кто много болтает, тот много врет. Great talkers are great liars.
Ұлы сөйлегіштер — ұлы өтірікшілер.
Отыз тістен шыққан сөз отыз руға тарайды. Слово не воробей: вылетит — не поймаешь. A word and a stone let go cannot be called back.
Жіберілген сөз бен тасты қайтара алмайсың.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Лучше ногою запнуться, чем языком. Better the foot slip than the tongue.
Тілдің сүрінуінен аяқтың сүрінуі артық.
Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қаңқу жаман.
Злые языки страшнее пистолета. There is no venom to that of the tongue.
Тіл уынан қатты у жоқ.
Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады. Ласковое слово и буйную голову смиряет. Good words cool more than cold water.
Жақсы сөз суық судан тез салқындатады.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Всякая сорока от своего языка погибает. A fool’s tongue is long enough to cut his own throat.
Ақымақтың тілі соншалықты ұзын, оның мойнын да кесе алады.
Әзіл түбі — зіл. В каждой шутке есть доля правды. Many a true word is spoken in jest.
Шынайы сөздің көбі қалжыңмен айтылады.
Ділмардің сөзі ұстаның бізінен өткір. Слово не стрела, а пуще стрелы разит. Words cut more than swords.
Семсерден гөрі сөз қаттырақ жаралайды.
Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.
Слово не обух, а от него люди гибнут. The tongue breaks bone, though itself has none.
Тілдің сүйегі болмаса да, сүйекті сындыра алады.

 

 

Білімнің басы бейнет, соңы зейнет. Не помучишься — не научишься. There is no royal road to learning.
Білімге патшалық жол жоқ.
    Learn weeping, and you shall gain laughing.
Жылап үйрен, күліп табатын боласың.
Түстік өмірің болса, кештік білім жи. Век живи, век учись. Live and learn.
Өмір сүр де үйрен.
Шала оқыған оңбайды. Недоученный хуже неученого. Better untaught than ill taught.
Нашар оқытудан оқытпау артық.
Ақылдыға ишарат, ақымаққа таяқ. Умный учится на чужих ошибках, а дурак на своих. Wise men learn by other men’s mistakes; fools, by their own.
Ақымақтар өз қатесінен үйренсе, ақылдылар басқалардың қатесіне қарап үйренеді.
Ақылды ісіне сенеді, ақымақ күшіне сенеді. И сила уму уступает. Wisdom is better than strength.
Ақылдылық күштен артық.
  Знание — сила. Knowledge is power.
Білім — қуат.
Ақылды айттырмай білер. Умному свистни — он уже смыслит. A word to the wise is enough.
Ақылдыға бір сөз жеткілікті.
Ақыл базарда сатылмайды. Ум за морем не купишь, коли его дома нет. Send a fool to France and a fool he will return again.
Ақымақты Францияға жіберсең де, ақымақ болып қайтады.
Баста ми жоқ болса, екі аяққа күш түсер. Без ума голова — ногам пагуба. Little wit in the head makes much work for the feet.
Бастағы ақылдың аз болғаны аяққа көп жұмыс істетеді.
Есер ақылы түстен кейін кіреді. Задним умом всяк крепок. It is easy to be wise after the event.
Оқиғадан кейін ақылды болу оңай.
  Умная мысля приходит опосля. Second thoughts are best.
Екінші түскен ойлар ең керемет.
Көрмес түйені де көрмес. Лесом шел, а дров не видел. Send him to the sea and he will not get water.
Оны теңізге жіберсең де, сусыз келеді.
Арақ ішкен тойда мас, ақылы жоқ күнде мас. Пьяный проспится, а дурак никогда. He who is born a fool is never cured.
Ақымақ болып туған ешқашан да емделіп шықпайды.
Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. Умный молчит, когда дурак ворчит. Wise men silent, fools talk.
Дана адамдар үндемейді, ақымақтар сөйлейді.
  Глупый болтает, умный думает. Foolish tongues talk by the dozen.
Ақылсыз тілдер көп сөйлейді.
Қазанның күйесі жұғады,
Ақымақтың бәлесі жұғады.
Свяжись с дураком, сам дурак будешь. He is not a fool that the fool is, but he that with the fool deals.
Ақымақ ақымақ емес, ақымақпен іс құрған ақымақ.
  Безумный и разумных ума лишает. One fool makes many.
Бір ақымақтан көп ақымақ тарайды.
Ақымақтың үлкен-кішісі болмайды. Борода — уму не замена. The brains don’t lie in the beard.
Ми сақалда емес.
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. Не спрашивай у старого, спрашивай у бывалого. Experience is the father of wisdom.
Тәжірибе — ақылдылықтың көкесі.
Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын. Живот толстой, да лоб пустой. Fat paunches have lean pates.
Жуан қарындардың милары арық болады.
Ісім макұл деме, ағайынға салып ойлат. И мудрому человеку совет требуется. Though old and wise, yet still advise.
Кәрі әрі дана болсаң да, кеңесіп істе.
  Добрый совет не идет во вред. There never came ill of good advisement.
Жақсы кеңес ешқашан да жамандық әкелген жоқ.
Қандай ақылды болсаң да, өзгелерден жөн сұра. На всякого мудреца довольно простоты. No man is wise at all times.
Еш адам әр уақытта ақылды болмайды.

 

 

 

Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі. Герой умирает однажды, трус — тысячу раз. Cowards die many times before their death.
Қорқақ ажалдан бұрын көп рет өледі.
Батыр жарасыз болмас. Бояться пульки — нейти в солдаты. He that is afraid of wounds, must not come nigh a battle.
Жарадан қорққан майданға жақындамауы керек.
Ажал жетпей өлмек жоқ. Не реви раньше смерти. Don’t cry before you are hurt.
Жаралағанға дейін айқай салма.
Қорқаққа қос көрінеді. Ужаленный змеей веревки боится. He that has been bitten by a serpent is afraid of a rope.
Жылан тістеген арқаннан да қорқады.
Қорқақты қуа берсең, батыр болады. И то бывает, что овца волка съедает. Despair gives courage to a coward.
Торыққандық қорқақты батыл етеді.
Пақыр алдында батыр, батыр алдында өзі пақыр. Молодец против овец, а среди молодца и сам овца. A lion among sheep and a sheep among lions.
Қойлар арасында — арыстан, ал арыстандар арасында — қой.
Өз көшесінде ит те жолбарыс. Всякая собака в доме львом кажется. Every dog is valiant at his own door.
Әр ит өз есігінің алдында өжет.
Оқ жетпес жерге қылыш суырма. Не страшны злыдни за горами. It is easy to be brave from a safe distance.
Қауіпсіз қашықтықтан батыл болу оңай.
Әлін білмеген — әлек. Бил дед жабу, грозясь на бабу. He that cannot beat the horse, beats the saddle.
Атты қамшылай алмаған ерді қамшылайды.
Жаман қорыққанын сыйлайды. He будь овцой, так и волк не съест. He that makes himself a sheep, shall be eaten by the wolf.
Қойға айналған қасқырға жем болады.
Өзіңнен қорқатын адамнан күні-түні сақтанып жүр. Кто кого заглазно бранит, тот того и боится. He that fears you present will hate you absent.
Барыңда қорққан жоқ кезде сені жек көрер.
Жасқаншақтың көзі сау. Слеза скоро сохнет. Nothing dries sooner than a tear.
Жастан гөрі тез құрғап қалар нәрсе жоқ.
Шықпаған жаннан үміт ет. Колотись, бейся, а всё надейся. While there is life, there is hope.
Өмір барда үміт бар.
Бір қазаға екі жаза жоқ. Двум смертям не бывать, а одной не миновать. You can only die once.
Қазаң бір рет қана келеді.
Шегірткеден қорыққан егін екпес. Волков бояться — в лес не ходить. He that fears every bush must never go a-birding.
Әр бұтақтан қорққан құс аулауға бармағаны жөн.
Тәуекел тау жығар. Смелость города берёт. Fortune favours the brave.
Тағдырдың септігі батылға тиеді.

 

 

Сақтықта қорлық жоқ. Берегись бед, пока их нет. Prevention is better than cure.
Емдегеннен алдын алған жақсы.
    A danger foreseen is half avoided.
Қауіптің болжанғаны — жартылай құтылғаны.
    Good watch prevents misfortune.
Жақсы бақылау пәленің бетін қайтарады.
Аузы күйген үрлеп ішер. Обжегшись на молоке, дуют и на воду. The burnt child dreads the fire.
Күйігі бар бала оттан қорқады.
    A scalded cat fears cold water.
Суға күйген мысық суық судан да қорқады.
Асыққанның аяғы етегіне оралады. Поспешишь — упадешь, последним придешь. Haste trips up its own heels.
Асығыс өз өкшесінен сүрінеді.
  Тише едешь, дальше будешь. He that goes softly goes safely.
Ақырын жүрген аман-есен жетеді.
Мың күн сынбаған шөлмек, бір күн сынар. И на старуху бывает проруха. The best cart may overthrow.
Ең жақсы арба да аударылып кетуі мүмкін.
Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара. Лучше десять раз поворотить, чем один раз на мель сесть. Better to go about than to fall into the ditch.
Арыққа құлағаннан айналып жүрген жақсы.
Дерексіз сөз нанымсыз. Не всякому слуху верь, разузнай да проверь. Put no faith in tale-bearers.
Өсекшілерге сеніп қалма.
Оңай сенген оңай өледі. Кто легко верит, легко и пропадает. Trust is the mother of deceit.
Сенгіштік — алдаудың анасы.
Жарақтыға жау жолықпас. Если хочешь мира, будь готов к войне. If you want peace, you must prepare for war.
Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайындал.
Отпен ойнама — күйерсің. Не играй с огнем — обожжешься. If you play with fire you get burnt.
Отпен ойнасаң, күйіп қаласың.
  От малой искры, да большой пожар. A small spark makes a great fire.
Шағын ұшқыннан үлкен өрт болады.
Қайтып келер есікті қатты серіппе. Как аукнется, так и откликнется. Those who live in glass houses should not throw stones.
Шыны үйлерде тұрғандар тас атыспау керек.
Біреуге ор қазба — өзің түсерсің. Не рой другому яму, сам в нее попадешь. He that mischief hatches, mischief catches.
Жамандықты көздеген жамандықты алады.
Кірмей тұрып, шығарыңды ойла. Не зная броду, не суйся в воду. No safe wading in an unknown water.
Белгісіз суларда қауіпсіз өткел жоқ.
  Погляди, прежде чем прыгнуть. Look before you leap.
Секірер алдында қарап ал.
Болмай жатып, болдым деме. Не говори «гоп», пока не перепрыгнешь. Do not triumph before the victory.
Жеңіске жетпей тойлама.
Жатқан жыланның құйрығын баспа. Не буди лиха, пока спит тихо. When sorrow is asleep, wake it not.
Ұйықтаған қайғыны оятпа.
    Never trouble trouble till trouble troubles you.
Әуре сені әурелемесе, оны ешқашан әурелеме.
Кірмеске кіріспе, басың қалар ішінде. Свои собаки грызутся — чужая не суйся. Put not thy hand between the bark and the tree.
Ағаш пен қабығының арасына қолыңды сұқпа.
Пәлелі жерге бармағыңды тықпа. Не тронь, так и не воняет. The more you stir it the worse it stinks.
Неғұрлым көп қопарсаң, соғұрлым көп сасиды.
Шаш ал десе, бас алады. Дай ему палец, он и всю руку откусит. Give a clown your finger, and he will take your hand.
Клоунға бармақ сұқсаң, ол қолыңды алады.
Қамданған қапы қалмайды. Надейся на добро, а жди худа. Hope for the best and prepare for the worst.
Жақсыға үміттен де жаманға дайындал.
Жазмыштан озмыш жоқ. Чему быть, того не миновать. What must be, must be.
Болатын нәрсе болады.
  От тюрьмы да от сумы не зарекайся. No fence against ill fortune.
Жаман пешенеге дуал жоқ.
  От судьбы не уйдешь. No flying from fate.
Тағдырдан ұшып кетуге болмайды.
Өзі саққа Құдай жақ. Береженого Бог бережет. God helps them that help themselves.
Өздеріне көмектескенге Құдай көмектеседі.