Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ — Бес дұшпаның білсеңіз. |
өсек — сплетни; өтірік —ложь; мақтаншақ — хвастовство |
өсек — gossip; өтірік — lie; мақтаншақ — boasting |
Абай | ||
Еріншектен — салақтық, Салақтықтан — надандық. Бірінен бірі туады, Жоғалар сүйтіп адамдық. |
еріншек — лень; салақтық — неряшливость; надандық — невежество |
еріншек — laziness; салақтық — untidiness; надандық — ignorance |
Шәкәрім | ||
Надандықтың белгісі — Еш ақылға жарымас. Жайылып жүрген айуандай Ақ, қараны танымас. |
танымау — не различать | танымау — not distinguish |
Ыбырай | ||
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен. | жаратылысынан — с рождения; өнеге — образец |
жаратылысынан — since birth; өнеге — example |
Мұхтар Әуезов | ||
Жаманның көңілі көкте, жерде басы, Алыс қой аңғарғанға екі арасы. |
||
Жамбыл | ||
Жас адамға басты кесір — еріншектік, ортаншы кесір — ұйқышылдық, кенже кесір — тілазарлық, кежірлік. | кесір — вред; тілазарлық — непослушание; кежірлік — упрямство |
кесір — harm; тілазарлық — disobedience; кежірлік — stubbornness |
Төле би | ||
Ауылыңда шайпау тілді жаман болса, Аман тұрған басыңа дау келтірер. | шайпау — несдержанный | шайпау — unrestrained |
Шал Құлекеұлы | ||
Мінезі жаман адамға енді қайтып жуыспа, Тәуір көрер адаммен жалған намыс қуыспа. |
тәуір — дельный | тәуір — worthwhile |
Асан қайғы | ||
Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен, Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен. Көнбейді жаман адам ынтымаққа, Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен. | ынтымақ — согласие, солидарность; жөн — подходящий, ладный |
ынтымақ — consent, solidarity; жөн — proper, right |
Ақан сері |