Адамның айуаннан айласы мол,
Қит етсе қиянатқа қояды қол.
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек -
Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол.
қит етсе — чуть что;
қиянат — зло, вред;
мейірім — доброта;
ынсап — совестливость
қиянат — harm;
мейірім — kindness;
ынсап — conscientiousness
Шәкәрім    
     
Жаратты нешеалуан жұрт бір құдайым
Тең етті бәрімізге күн мен айын.
Адамның адам біткен баласымыз,
Қайсың бөлек тудың деп айырайын!
   
Ыбырай    
     
Ұят деген — адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты. ұят — стыд, совесть;
сөгіс — порицание
ұят — shame;
сөгіс — blame
Абай    
     
Іштегі барлық жақсылық неше түрлі еппен, айламен жол тауып, өз дегенін істеу керек. еп — ловкость, сноровка;
айла — уловка, хитрость
еп — agility;
айла — trick
Мұхтар Әуезов    
     
Мойындағы борышты білу — білімнің ісі, борышты төлеу — адамшылық ісі. борыш — долг борыш — debt
Ахмет Байтұрсынұлы    
     
Адам боп туу — анадан,
Айуан боп кету — өзіңнен!
   
Қадыр Мырза Әлі    
     
Адамның қорлауына адамның езі ғана көнеді. қорлау — оскорблять, унижать қорлау — humiliate
Ғабиден Мұстафин    
     
Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз. адамгершілік — человечность адамгершілік — humanity
Қаныш Сәтпаев