Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орын тауып істесе кім бай болмайды? түңілмей іздесе — если искать, не теряя надежды түңілмей іздесе — if you look without losing hope
Абай    
     
Анық байлық — денеге біткен өнер,
Білімдінің бәрі де соған төнер.
Арам жиіп мақтанған дәулет емес,
Алдымызда бір күн бар есеп берер.
арам — нечистый, бесчестный;
дәулет — состояние
арам — dishonest;
дәулет — fortune
Шәкәрім    
     
Байлық түбі — ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды. қазына — достояние қазына — wealth
Әлихан Бөкейханов    
     
Дүниеде кедейлік жоқ өнерпазға. кедейлік — бедность кедейлік — poverty
Міржақып Дулатұлы    
     
Бай болу үшін — кәсіп керек!    
Ахмет Байтұрсынұлы    
     
Бәрінен ақшалы болу қиын, ақша балта бұзбасты бұзады. ақшалы болу — быть при деньгах ақшалы болу — to be with money
Ғабиден Мұстафин    
     
Байды құдай атқаны —
Дәулетіне мас болар.
мас болу — быть пьяным мас болу — to be drunk
Шал Құлекеұлы    
     
Екі жүзді болмасаң, байды неге мақтайсың? екі жүзді — двуличный екі жүзді — two-faced
Жамбыл    
     
Адамның шашқаны емес — тергені,
Алғаны емес — бергені қалады.
шашу — разбрасывать;
теру — собирать
шашу — to scatter;
теру — to collect
Қадыр Мырза Әлі