Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуел Құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды. | сауу — зд. извлекать пользу; көз сүзу — жадно смотреть; сиыну — молиться; сүйену — опираться |
сауу — to benefit; көз сүзу — to watch eagerly; сиыну — prey; сүйену — to lean |
Абай | ||
Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын, Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың. Ойласын деп ой берді, көруге көз, Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын. |
ерінбеу — не лениться; дәулет — достаток |
ерінбеу — do not be lazy; дәулет — prosperity |
Шәкәрім | ||
Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құры боласың. | қиынсыну — считать трудным; тап болу — наткнуться; қанағат ету — довольствоваться |
қиынсыну — to find smth. difficult; тап болу — to stumble; қанағат ету — to be content with smth. |
Ыбырай | ||
Әркім өз білгенін, өзінің қолынан келетінін істеу керек. | қолынан келетіні — то, что по силам | қолынан келетіні — to be able |
Ахмет Байтұрсынұлы | ||
Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле. | көк — небо | көк — sky |
Мұхтар Әуезов | ||
Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас. | қосаяқ — тушканчик | қосаяқ — jerboa |
Мұхтар Әуезов | ||
Бабын таппаған еңбек құмға құйған су сияқты. | бабын табу — найти подход | бабын табу — to find approach |
Ғабиден Мұстафин | ||
Еткен еңбек, төккен тер қалай түкке татымас? | тер — пот | тер — sweat |
Жамбыл | ||
Еңбекпенен ерлер шыққан елеулі. | елеулі — достойный, видный | елеулі — prominent |
Қуанышбаев | ||
Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек, «Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп. |
||
Сұлтанмахмұт Торайғыров | ||
Тілекке — еңбек тірек. | тілек — желание | тілек — desire |
Бауыржан Момышұлы | ||
Еңбекпен табылады барлық дәулет, Еңбексіз ешкім қолға бермес «мә» деп, Еріншек, кежірлік пен тұрақсыздық, Жалқаулық жан сүймейтін жаман әдет. |
еріншек — лень, ленивый; кежірлік — упрямство; тұрақсыздық — непостоянство |
еріншек — laziness; кежірлік — stubbornness; тұрақсыздық — inconstancy |
Шашубай | ||
Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей. |
қарны тою — быть сытым | қарны тою — to be full |
Абай |