Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
сүйген жар — любимая супруга сүйген жар — beloved spouse
Қазыбек би    
     
Әйелің жақсы болса, бірінші — иманың, екінші — жиғаның, үшінші — ырысыңның тұрағы. иман — зд. порядочность;
жиған — нажитое
иман — decency;
жиған — acquired
Төле би    
     
Әйел — үйдегі ырысың. ырыс — изобилие ырыс — abundance
Ескелді би    
     
Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда? қылық — нрав;
шырай — красота
қылық — temper;
шырай — loveliness
Бұқар жырау    
     
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!
көркі — красота;
мінез — характер
көркі — beauty;
мінез — character
Абай    
     
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. тербету — качать, укачивать тербету — to rock to sleep
Мұхтар Әуезов    
     
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
жақын кісі — близкий человек;
қайырылу — оказывать помощь;
мақұл — зд. подходящий
жақын кісі — close person;
қайырылу — to help;
мақұл — suitable
Шал Құлекеұлы    
     
Дүниеде жан саясы қыз дейсің ғой,
Құмартып құлқың құрып іздейсің ғой.
жан саясы — отрада для души;
құмартып — страстно
жан саясы — отрада для души;
құмартып — страстно
Сұлтанмахмұт Торайғыров    
     
Арулар — әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
арулар — красавицы арулар — beauties
Мұқағали Мақатаев    
     
Жақсы болсаң келіншек, бола көрме еріншек. келіншек — невестка келіншек — daughter in law
Қуанышбаев    
     
Алсаң да мейлі қай елден, бақыт та сор да әйелден. бақыт — счастье;
сор — мука, бедствие
бақыт — luck;
сор — torment
Қадыр Мырза Әлі