Алтын ұяң — Отан қымбат. | алтын ұя — золотое гнездо | алтын ұя — golden nest |
Қазыбек би | ||
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ — деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас. | аяу — жалеть; міну — седлать; өрге басу — идти в гору |
аяу — to spare; міну — to saddle; өрге басу — to go forward |
Мұхтар Әуезов | ||
Отан үшін отқа түс — күймейсің. | күймейсің — не обожжёшься | күймейсің — you will not get burnt |
Бауыржан Момышұлы | ||
Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес. | мақтан ету — гордиться; жарытпақ емес — не в состоянии |
мақтан ету — to be proud; жарытпақ емес — unable |
Қаныш Сәтпаев | ||
Көшіп-қонып көрмеген жер қадірін не білсін. | көшіп-қону — кочевать | көшіп-қону — wander |
Асан Қайғы | ||
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, Сарылып сал-сері кеткен жер, Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер! |
киелі жер — священное место; дүрілдеп өткен — с гулом пронеслись; өбу — лобызать; сал-сері — степные певцы и умельцы; топырақ — почва, земля; тағзым жасау — поклониться |
киелі жер — sacred place; дүрілдеп өткен — swept with a roar; өбу — to kiss; сал-сері — steppe singers and craftsmen; топырақ — soil, ground; тағзым жасау — to bow |
Мұқағали Мақатаев | ||
Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды, Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды. |
дарынды — одарённый, талантливый; табанды — стойкий; ғалам — мир |
дарынды — gifted, talented; табанды — stable; ғалам — world |
Мұхтар Шаханов | ||
Қайда жүрсең атамекен Көкейіңде жатады екен, Күннің көзі ұясына Қимай оны батады екен. |
атамекен — родной край; көкей — память, внутренний мир; күннің көзі — лучи солнца |
атамекен — motherland, homeland; көкей — memory, inner world; күннің көзі — the lights of a sun |
Қадыр Мырза Әлі |