Досы жоқ адам — тұзы жоқ тағам. Без друга жить — самому себе постылым быть. Life without a friend is death without a witness.
Доссыз өмір — куәсіз өлім.
Жігіт жолдасынан белгілі. По товарищам и слава. A man is known by the company he keeps.
Адам компаниясына қарай танылады.
Жолдастың мыңын алма, бірін ал. Дружба не гриб — в лесу не найдешь. Remember man and keep in mind, a faithful friend is hard to find.
Есіңде сақтап, ұмытпа, сенімді досты табу қиын.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар. Дружба крепка не лестью, а правдой и честью. I cannot be your friend and your flatterer too.
Саған бірдей дос та, жағымпазданушы да бола алмаймын.
Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар. В очи льстит, а за глаза костит. All are not friends that speak us fair.
Кішіпейіл сөйлегеннің бәрі досымыз бола бермейді.
Жаман туыстан жақсы жолдас артық. Друзья прямые — братья родные. A good friend is my nearest relation.
Жақсы дос — менің ең жақын туысым.
Алыстағы дұшпаннан аңдып жүрген дос жаман. Друг до поры — хуже недруга. Better an open enemy than a false friend.
Жалған достан нақ жау артық.
Ауыл итінің достығы сүйек тастағанша. Собачья дружба до первой кости. While the dog gnaws bone, companions would be none.
Ит сүйегін мүжегенде жолдасы болмайды.
Жаман дос — көлеңке: басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың. Дружба в обед, а как скатерть со стола — и дружба сплыла. In time of prosperity, friends will be plenty; in time of adversity, not one amongst twenty.
Ырыс барда досың көп, қиыншылықта жиырмадан біреуін де таба алмайсың.
Дос деп сынамай, сыр айтпа — достың да досы бар. Надо пуд соли вместе съесть, чтобы друга узнать. Before you make a friend eat a bushel of salt with him.
Достасар алдында бір бушель тұзды бірге жеп көр.
    Try your friend before you trust him.
Досыңа сенер алдында оны сынап ал.
Жүз сом ақшаң болғанша, жүз жолдасың болсын. Не имей сто рублей, а имей сто друзей. A friend in the market is better than money in the chest.
Сандықтағы ақшадан базарда досың болғаны артық.
Жолдасы көптің — олжасы көп. Дружба дороже денег. They are rich who have true friends.
Нағыз достары бар адамдар бай екен.
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.
На людях и горе вполгоря. Two in distress make sorrow less.
Қайғыны екеу көтергенге жеңіл болады.
    It is good to have company in trouble.
Кесапатта компания болғаны жақсы.
Дос бергенінің түсіне қарама. Не стоит из-за пустяков дружбу терять. Fall not out with a friend for a trifle.
Болмашы үшін досыңмен араздаспа.
Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
Старый друг лучше новых двух. Old friends and old wine and old gold are best.
Ескі дос, ескі шарап, ескі алтын ең жақсы.
Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады. Новых друзей наживай, а старых не теряй. Make new friends but keep the old.
Жаңа достық құра, бірақ ескіні де сақта.