Ас атасы — нан. Хлеб всему голова. Bread is the staff of life.
Нан — өмір тірегі.
Кеудеден жан кетпесе, ауыздан нан кетпейді. Будет день — будет пища. Every day brings its bread with it.
Әр күн өзімен бірге нанын әкеледі.
Нан бар жерде ән бар. Покуда есть хлеб да вода, все не беда. All griefs with bread are less.
Кез келген кесапат нан болса кемиді.
Туған жердің жуасы да тәтті. Свой сухарь милее чужих пирогов. Dry bread at home is better than roast meat abroad.
Үйдегі құрғақ нан шетелдің қуырдағынан жақсы.
Аштың ақылы астан әрі аспайды. Голодное брюхо ушей не имеет. Hungry bellies have no ears.
Аш қарындар құлақсыз болады.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала аш болам деп ойламайды.
Сытый голодному не товарищ. It is ill speaking between a full man and a fasting.
Қарны тоқтың ашпен сөйлегені жарамайды.
Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын. Брюшко, раздайся, добрый кус, не останься. Better belly burst than good meal lost.
Жақсы тамақтан құр қалғанша, қарын жарылсын.
Ат жаманы — сүріншек, ет жаманы — шеміршек. В степи и жук — мясо. Better a mouse in the pot than no flesh at all.
Әбден етсіз болғанша, қазаныңда тышқан болғаны жақсы.
Жаманнан жарты қасық ас қалар. Кто ест скоро, тот и работает споро. Quick at meal, quick at work.
Тамақ тез жеген жұмысты да тез жасайды.
Үрлеп ішіп, шайқап төгеді. Ложку не довез, а рот открываешь. There’s many a slip between cup and lip.
Кесе мен ерін аралығында көп нәрсені төгуге болады.
Тоқ адамды ұйқы басады, аш адамнан ұйқы қашады. Без ужина подушка в головах вертится. Who goes to bed supperless, all night tumbles and tosses.
Кешкі тамақсыз жатқан адам түні бойы дөңбекшіп шығады.
Қазаны басқаның қайғысы басқа. На вкус и цвет товарищей нет. Every man to his taste.
Әр адамның талғамы өзгеше.
Аш кісінің ашуы жаман. Не до пляски, не до шутки, когда пусто в желудке. A hungry man is an angry man.
Аш адам — ашулы адам.
Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады. Живот крепче — на сердце легче. The guts uphold the heart, and not the heart the guts.
Қарын жүрекке емес, жүрек қарынға сүйенеді.
Аштық ас талғамайды. Будут голодные — съедят и холодное. Hunger finds no fault with the cookery.
Аш үшін қате дайындалған тамақ болмайды.
    Hunger is the best sauce.
Аштық — ең жақсы тұздық.
Ішің ауырса, тамағыңды тый. Большая сыть брюху вредит. Gluttony kills more than the sword.
Ашқарақтық алдаспаннан көп адам өлтірді.
Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа. А где тот хлеб, что вчера съели? Eaten bread is soon forgotten.
Желінген нан тез ұмытылады.
Ас қадірін білмеген аштан өледі. Ешь вполсыта, пей вполпьяна, проживешь век дополна. Feed by measure and defy the physician.
Шамасын біліп ас ішкен дәрігер туралы ұмытады.
Сыйлап берсе суын іш. От хлеба-соли не отказываются. Never refuse a good offer.
Жақсы ұсыныстан ешқашан бас тартпа.